- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Балқаш көліндегі балықшылар...
Балқаш көліндегі балықшылар мұз үстінде қалып қойған
Фото:
ТЖМ
Балқаш көліндегі мұз үстінде қалып қойған балықшылар құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ сілтеме жасап.
12 қаңтарда сағат 17:00-де Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Балқаш көліндегі мұз айдынында 3 балықшы мұздың үстінде қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Сағат 20:30-да жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мұз айдынына жетіп, 3 балықшыны қайық бортына салып алып, жағаға тасымалдады. Сондай-ақ, жолда құтқарушылар мұздың жарылуына байланысты жағаға жете алмай қалған тағы бір балықшыны тауып алды.
ТЖМ ескертпе жасады:
- өтуге арналған мұздың қауіпсіз қалыңдығы - кем дегенде 10 сантиметр;
- қардың қалың қабатымен жабылған қауіпті жерлерді айналып өту керек;
- жүрілген жолдарды пайдалану керек;
- мұз үстінен топпен өту кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықта жүру керек;
- балық аулау кезінде шектеулі аумақта бірнеше тесік тесіп, үлкен топ болып жиналуға болмайды;
- әрбір балықшының жеке құтқару құралы (жилет, белбеу және т.б.) болуы қажет.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек