Балқаш көлінің жағалауында ұсақ бұзақылық жасаған адам 5 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері Threads желісіндегі жазбаға байланысты Жамбыл ауданы Үлкен ауылы маңындағы Балқаш көлінің жағалауында орналасқан демалыс орны аумағына көлікпен кіру дерегі бойынша тексеріс жүргізді.
"Тексеріс барысында Алматы қаласының 32 жастағы тұрғыны көлігімен азаматтар, соның ішінде балалар демалып, шомылып жатқан жағалау аумағына барғаны анықталды. Ол тексеріс қорытындысы бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Сот шешімімен тұрғын 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал оның көлігі арнайы айып тұрағына қойылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова