KeshYou тобының экс-солисі, танымал әнші Балжан Бидаш осы уақытқа дейін ешкімге айтпаған сырын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Бұл жағдайды бір жыл бұрын сіздерден жасырып қалдым", - деп бастады әңгімесін әнші.
Оның айтуынша, өміріндегі кейбір қиын оқиғалардан кейін бет терісінде проблемалар пайда болған. Сахнада, халықтың алдында жүрген өнер адамы үшін бұл өте ауыр болыпты.
"Гримм де, фотошоп та көмектеспеді. Суреттерде көріп отырғаныңыз - бергі жағы ғана. Күн сайын көбейе берді. Күнде жылайтынмын. Сол Балжанды қатты құшақтағым келеді. Ешкімнің басына бермесін. Кез келген адамға соққы болары сөзсіз", - деп жазды ол желіде.
Балжан Бидаштың айтуынша, бетіндегі проблеманы жасыру үшін тіпті шаш үлгісін өзгертуге тура келіпті.
"Көзімде нұр жоқ. Бәрі бетіңді неге шашыңмен жауып аласың" деген сөздер де ауыр тиді", - деді ол.
Еске салайық, KeshYou тобының экс-солисі Балжан Бидаш актер Жахан Отарғалиевке тұрмысқа шыққан. Алайда біраз уақыттан кейін ажырасқан еді. Әнші сәтсіз некеден кейін жаңа қарым-қатынас құрудан қорқып қалғанын айтқан болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!