Танымал қазақстандық әнші, KeshYou тобының экс-солисі Балжан Бидаш қазір шетелде тұрып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол қазір көрші Қытай елінде екенін және сонда тұратынын жеткізді.
"Қайырлы таң, достар! Гуанчжоуға келіп, осында тұрып жатырмын", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары осы уақытқа дейін Балжан Бидаштың Қазақстаннан көшіп кетуіне бұрынғы күйеуі, актер Жахан Отарғалиевпен ажырасып кетуі себеп болғаны туралы сұрақ қойып, пікір жазатын. Балжан Бидаш бұл қауесетке нүкте қойып, Қытайға саудамен айналысу үшін көшкенін мәлімдеді.
Еске салайық, жақында Балжан Бидаш актер Жахан Отарғалиевпен болған сәтсіз некеден кейін жаңа қарым-қатынас құрудан қорқып қалғанын айтқан болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!