Бұдан бірнеше күн бұрын Алматыдағы автобус апатынан үш адам мерт болды. Автобуста болған куәгердің бірі сұмдық жайттың қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Әлихан есімді куәгер "Не молчи" қорына берген сұхбатында айтты.
"Досым екеуміз "Апорт" аялдамасында автобусқа отырдық. Ер адам бізбен бірге отырды. Ол "Қалқаман ауруханасы" аялдамасынан шығуы керек еді. Ол бірінші есікке қарай келді. Жүргізуші билетті көрсетуін өтінді. Ер адам жол ақысын төлемеген екен. Жүргізуші оны көпірден өткеннен кейін түсіріп кететінін айтты. Жолаушы жынданып "мені осы жерден түсіріп кет" деді. Ол "жаныңды шығарамын" деп боғауыз айта бастады. Жүргізуші "шығарып көр" дегендей айтты. Жолаушы оны екі рет ұрып жіберді. Ешкім күткен жоқ. Мен досыммен оны тоқтатпақ болдым. Әйел құлап бара жатқанда "тежегіш-тежегіш" деді. Досым жүргізушінің аяғын газ педалінен алып тастап, тежегішке басты. Ер адам "бала барып келейінші" деп қашып кетпекші болған. Нақты айта алмаймын, ер адамның баласы ауруханада жатқан сияқты", - дейді Әлихан есімді куәгер.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы автобус апатынан үш адам мерт болғаны хабарланған еді. Кейін қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталғаны белгілі болды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Сонымен қатар, қайғылы оқиғадан қанша адам зардеп шеккені белгілі болды. Жол апаты қалай болғаны бейнебақылау камерасына да түсіп қалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!