Қостанай облыстық ауруханасындағы перинаталдық орталықта жас ана қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" сайтына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты өңірдің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Баймағамбетов растады. Басылым мәліметінше, бала аман қалған.
Алайда Баймағамбетов тергеу мен медициналық этикаға сүйеніп істің мән-жайын айтудан бас тартқан.
"Толық жауап беру үшін белгілі бір уақыт қажет. Бүгінде бұл іс зерттеліп жатыр. Бәрі нақты болғаннан кейін толық әрі шынайы ақпарат бере аламыз деп ойлаймын", - дейді Арман Баймағамбетов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!