- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Балаша күліп тұр"....
"Балаша күліп тұр". Көшеде самокатпен жүрген 77 жастағы әжеге жұрт тәнті болды
Самокатқа мініп, қала көшелерінде серуендеген әжейге жұрт тәнті болды. Оның видеосын TikTok қолданушысы парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Автор әжейдің немересі болуы мүмкін, себебі парақшасында зейнеткердің өзге де видеоларын көруге болады. Әжейдің есімі – Ырысалды, 77 жаста екен.
Видеодан жас жігіттің әжесіне самокатқа мініп, серуендеуін өтінгенін көруге болады. Алайда зейнеткер ұят екенін айтып, әуеліде бас тартады.
"Келсеңізші… Жүріңіз, ұят емес", - дейді әжейдің немересі.
Ырысалды апа күліп, немересінің өтінішін орындайды. Содан екеуі бір самокатқа мініп, жаяу жүргіншілер жолағынан өте сала орталық саябақ ішіне қарай бет алады.
Видеоны көрген желі қолданушылары әжейге көтеріңкі көңіл сыйлаған немерелеріне алғыс айтып, позитив жүретін зейнеткерге ұзақ ғұмыр тіледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан