БЖЗҚ өкілдері ата-аналарға баласына Ұлттық қордан ақша түспеген жағдайда не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) мына деректерді тексеру қажет:
- балада жеке басын куәландыратын құжат болуы (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі); жеке басын куәландыратын құжатта деректер болуы және олардың дұрыс көрсетілуі: Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, азаматтығы;
- egov.kz порталындағы жеке кабинетінде балалар туралы мәліметтер болуы, тіркелуі және дұрыстығы (осы ресурста баланың ата-анасына бекітілген баланың нысаналы талаптары бойынша егжей-тегжейлі үзінді көшірме ұсынылады).
Егер балада:
- жеке басын куәландыратын құжат, ЖСН жоқ болса, тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінген жөн;
- азаматтығы жоқ, анықталмаған немесе ол дұрыс көрсетілмеген болса, онда тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну керек.
"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына түзетулер енгізілгеннен кейін баланың нысаналы талаптары мен инвестициялық кірісін түспеген кезеңді ескере отырып, келесі жылы толық есептеледі", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, кешеден бастап Ұлттық қордан балаларға ақша түсе бастады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!