Бала тісінің шығуы - маңызды сатылардың бірі. Өйткені бұл процесс ауырсынуымен қатар жүреді. Кейбір балалардың тісі кеш шығады. Осы орайда ата-аналар маңызды факторларды естен шығармау қажет. Бұл туралы нутрициолог Тоғжан Мадали Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның сөзінше, балаға шайнап үйрету керек. Осы арқылы оның сүйектері дами түседі.
"Балаңыздың тісі кеш шығып жатыр ма, шайнап үйретіңіз. Тамақты шайнап үйрену бала үшін аса маңызды. Шайнаған кезде миға өсіру сигналы барады. Әрі бүкіл бет бұлшықеті іске қосылады. Жақ сүйектері, қызыл иектер іске қосылғаннан тіс уақытылы, дұрыс, еш кедергісіз шыға бастайды", - дейді нутрициолог.
Бала алғаш алты айдан асқанда шайнап үйрене бастайды. Сол үшін осы кезден бастап рационына тағамдарды микродозамен қоса бастаған жөн екен.
"Бала шайнап үйренуді алты айға қарай игере бастайды. Сол үшін алғашқы тамақты енгізген кезде, пюремен емес, микродозамен бастасаңыздар жөн. Тісі жоқ бала қалай шайнайды дейтін боларсыздар, қызыл иектер бізге шайнау үшін, тісті дұрыс шығару үшін берілген", - дейді маман.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!