Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2025 жылға дейін жер бетінде шамамен 70 миллион адам артық салмақтан зардап шегетін болады. Ерте жаста семіздіктің болуын қалай анықтауға болады? Балаға эндокринологтің тексерісінен өту керек пе? Балалар мен жасөспірімдерде қалқанша безінің қызметі бұзылса, әсері қандай болуы мүмкін? I-BALAQAI шығарылымында осы және өзге де сұрақтарға сарапшы жауап берді.
Гастроэнтерология және эндокринология бойынша мамандандырылған, 20 жылдық тәжірибесі бар терапевт Ирина Досманова баланың физиологиялық өзгерістері туралы айтып, ата-аналарға кеңес берді.
"Алдымен балаңыздың белін өлшеп көріңіз, баланың кішкене қарны болса ештеңе етпейді. Бірақ белінде, яғни екі жағында артық салмақтың болуы дұрыс емес. Одан кейін балаңызды бір жанға бұрып қарап көріңіз, егер қолында немесе бөксесінің үстінде артық салмағы болса, бұл да дәрігерге жүгінудің себебі. Әдетте балалардың да терісі өскен сайын жұқа болады, бірақ артық салмағы бар балалардың терісі созылғаны байқалады. Көбіне аяқ, қол, бел жақта терінің созылғаны бірден байқалады. Үшіншіден, баланың ұйқысы қашады. Сонымен қатар, балалар ұйықтап жатқанда терлей бастайды. Кейде балалардың тері асыр салып ойнап, жүгірмесе де көп ағады. Мұндай жағдайда бірден эндокринологқа жүгіну керек. Ондай кезде балаға "тәтті жеме!" деп айтуға болмайды. Дәрігерге жүгініп, бүкіл отбасының тамақтану режимін дұрыстау керек", - дейді Ирина Досманова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!