Әрбір ата-ана баласын жақсырақ танып-білуге тырысады. Өйткені, осылай ғана баланың дамуын ынталандыруға болады. Баланы түсінудің бір жолы - оған сұрақ қою, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Баламен қарым-қатынас ережелері
Ата-ана мен бала арасында жақын және сенімді қарым-қатынас орнату үшін мінез-құлықтың 3 ережесін сақтау қажет. Біріншіден, ата-ана баланы қызықтыратын нәрсеге шынайы қызығушылық танытуы керек. Бұл сұрақ қойып, жауапты мұқият тыңдауды білдіреді.
Екіншіден, ата-ана тең дәрежеде сұрақ қоюы керек. Баланың жауабын түзеп, оны бағыттаудың қажеті жоқ, жәй ғана тыңдап, кез келген жауапқа дайын болған дұрыс.
Үшіншіден, баланың жауабын сынаусыз тыңдауды үйрену керек. Егер бала сынды сезсе, онда ол ата-анасына сенуді тоқтатады. Оның орнына, ата-ана шыдамдылық танытып, баланы түсінгендерін білдіруі керек.
Балаға қою керек сұрақтар
Ата-ана балаға әр түрлі сұрақ қою арқылы өзін жақсы түсінуге көмектеседі. Содан кейін баланың әлемге, басқа адамға, табиғатқа деген көзқарасы өзгереді.
Жағдай туралы сұрақтар. Баланың психологиялық жағдайын тиімді бақылау үшін балабақшада немесе мектепте онымен не болып жатқанын, оның өзін қалай сезінетінін үнемі біліп отыру маңызды.
Қиялды дамытуға арналған сұрақтар. Қиялды дамытатын сұрақтар қою өте маңызды, бұл ойлау, есте сақтау, мидың тиімді жұмыс істеуі үшін қажет.
Эмоционалды интеллектті дамытуға арналған сұрақтар. Мұндай сұрақтар балаға қандай сезім сезінетінін түсінуге көмектеседі.
Әңгімені қашан бастау керек?
Ұйықтар алдында сөйлесу жақын қарым-қатынас орнатудың тамаша уақыты. Бұл уақытта ешкім асығыс емес, күні бойы сезінген эмоция мен оқиғаларды талқылауға болады. Бұдан бөлек мектепке барар жолда немесе кешкі ас кезінде дастархан басында сөйлескен жақсы. Сондай-ақ квест ойындарын пайдалануға немесе кішкентай баламен сөйлесу үшін "делдал" ойлап табуға болады. Әңгіме тақырыбына қарамастан, арадағы жылуды сақтап, эмоционалды байланыс орнату маңызды.
Еске салайық, бұған дейін балаға алғашқы телефонды неше жаста алып берген дұрыс екені хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Әлеуметтік желіге тәуелді адамның белгілері қандай?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!