Балаңыз АҚШ-та бір жыл бойы тегін оқып, америкалық отбасымен бірге тұруды армандай ма? Онда жуырда жоғары сынып оқушылары мен колледждің 1-курс студенттеріне АҚШ-та оқуға мүмкіндік беретін Flex бағдарламасына өтініш қабылдау басталады. Бұл бағдарламаға қазақстандық оқушылар мен студенттер де қатысады алады. Flex қандай бағдарлама? Оның қандай артықшылықтары бар? Massaget.kz тілшісі түсіндіреді.
Flex қандай бағдарлама?
1992 жылы сенатор Билл Брэдли мен конгресс мүшесі Джим Лич бірігіп, Flex бағдарламасының заң жобасын әзірледі. Бағдарламаны Конгресс АҚШ халқы мен бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттері арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында қаржыландырды. Кейіннен басқа да мемлекеттер бағдарламаға қатыса бастады. Flex бағдарламасын толықтай АҚШ үкіметі қаржыландырады, ал ұйымдастыру басшылығын АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің Білім және мәдени бағдарламалар бюросы жүргізеді. Орта мектеп оқушыларының арасындағы конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша бағдарламаның шәкіртақысы АҚШ-та өз еркімен қабылдаған отбасында бір жыл тұруға және американың орта мектебінде оқуға мүмкіндік береді. Жергілікті деңгейде Flex бағдарламасын қабылдап, оқытатын мыңдаған америкалық азаматтары мен мектептері қолдайды және жеңімпаздарды ешқандай қаржысыз қабылдайды. 30 жыл ішінде Flex бағдарламасы 29 мыңнан астам орта мектеп оқушыларына шәкіртақы бөліп берілді. Көп жыл бойы Flex бағдарламасы арқылы
900-ден 1000-ға дейін қатысушылар АҚШ-қа барды.
Шәкіртақы нені қамтиды?
Flex бағдарламасының жеңімпаздарына мыналар ұсынылады:
• Бару және қайту билеттері;
• Оқушының ай сайынғы қалта шығыны - қоғамдық өмірге араласуға және жеке тұтыну заттарын сатып алуға мүмкіндік береді;
• Америкалық отбасында тұрады;
• Американың орта мектебінде оқиды;
• АҚШ-та жергілікті деңгейде әртүрлі мәдени шаралар өткізе алады;
• Медициналық сақтандыру, оған баланың АҚШ-қа барғанға дейінгі аурулары мен тісін емдеу кірмейді.
Бағдарламаға кім қатыса алады?
Flex бағдарламасына қатысу ашық және бағдарлама шарттарына сай қатысушылардың барлығына тегін сайыс негізінде өткізіледі. Денсаулығына байланысты мүгедектігі бар балалар да сайысқа қатыса алады. Жыл сайын шамамен 20 шақты мүгедектігі бар бала бағдарламаның жеңімпазы болады. Олар басқа үміткерлер сияқты іріктеуден өтеді. Үміткерлер сайыс өтетін уақытта бір жылда бір рет өтініш тапсыра алады.
Сайысқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. Үміткер мектептің 8, 9 және 10-сыныбында оқуы немесе 9-сыныптан кейінгі колледждің 1-курсында оқуы керек (2007 жылғы 1 ақпан мен 2009 жылғы 15 шілде аралығында туғандар);
2. Өтініш беру кезінде бағдарламаға қатысатын елдің орта мектептерінің бірінде оқуы қажет;
3. Өте жақсы және жақсы оқуы керек;
4. Ағылшын тілін меңгергенін көрсетуі керек;
5. АҚШ визасын алатын шарттарға сәйкес келуге тиіс;
6. Қазақстан азаматы және бағдарлама бойынша өтініш берген елде төлқұжаты алу мүмкіндігі болуға тиіс.
Flex бағдарламасына кім қатыса алмайды?
• Жоғарыдағы шарттарға сәйкес келмейтіндер;
• АҚШ-та кейінгі 5 жыл ішінде жалпы алғанда 90 тоқсан күннен көп болғандар;
қатысушының отбасы немесе отбасы мүшесі
Шәкіртақыға не кірмейді?
Бағдарламаға қатысушыларының шәкіртақысына мыналар кірмейді:
• Халықаралық паспорт алу барысындағы шығындар;
• Ай сайынғы шәкіртақыдан артық шығын;
• Қол жүгінің артық салмақ ақысын төлеу, телефон арқылы өз елімен сөйлескен және электрон поштаны қолданған кездегі шығын.
Бағдарламаға қатысу қандай машық пен тәжірибе береді?
Flex бағдарламасы қатысушыларға АҚШ халқы мен оның мәдениетін жақын танысуға мүмкіндік береді. Ең әуел бағдарлама жеңімпаздары өз мемлекеттерінің халқы мен мәдениетін Америка халқына жақсырақ түсіндіретін "жас елші" болады. Оқушылар өзге елдің мәдениетін, әдет-ғұрпын бағалауды және түсінуді, өздерінің жеке машықтарын дамытып, тәуелсіз болуды үйренеді, осының
нәтижесінде үздіксіз өзгеріп жатқан әлемде өмір сүруге бейімделеді.
Flex бағдарламасының қатысушылары сондағы отбасымен, құрдастарымен және көршілерімен жақсы қарым-қатынас орната алады. Әдетте мұндай қатынас өмір бойы жалғасады.
Тестілеу мен іріктеу процесі қалай өтеді?
Оқушылар онлайн-іріктеудің бірнеше кезеңіне қатысады. Жартысынан өткен кезде оқушылар мен олардың ата-аналары бағдарлама туралы көбірек мәлімет алуы үшін жиналысқа шақырылады. Содан кейін үміткерлер америкалық кеңестердің қызметкерлерімен жеке сұхбаттасады, ағылшын тілінен тест тапсырады, бақылау аясында эссе жазады және бағдарламаның ресми сауалнамасын толтырады. Ресми сауалнаманы толтырып, жергілікті Америкалық кеңес кеңсесіне екі апта ішінде қайта өткізуі қажет.
Іріктеу мынадай кезеңдер бойынша өтеді:
1-кезең: онлайн сауалнамадан және 3 эсседен тұрады. Оған тіркелген сәттен бастап 10 күн беріледі.
2-кезең: 12 сұрақтан тұратын ағылшын тілінен 15 минуттық тест.
3-кезең: офлайн сұхбат, қосымша 3 эссе, толығырақ онлайн сауалнама, ата-аналар жиналысы.
Ағылшын тілін білуі маңызды, бірақ іріктеудің жалғыз шарты бұл емес. Сондай-ақ, үміткерлер медициналық тексеруден өтуге тиіс, бағдарламаға қатысу үшін медициналық тұрғыдан "жарамды" деген анықтамасы болуы керек.
Көктемде іріктеу процесі аяқталады, содан кейін мамырдың ортасында барлық үміткер өздерінің статусы туралы хабарландыру алады. Маусым-шілде айларында іріктелген жеңімпаздар өз мемлекетінде шығар алдындағы семинарға қатысады, содан кейін шілде-тамыз айларында АҚШ-қа аттанады. Олар өз еліне келесі жылдың мамыр-маусым айында оралады. Flex-ке қатысушылар бағдарлама біткеннен кейін өз мемелекетіне Америкалық кеңес белгілеген күні қайтып келуі керек. Бағдарлама біткеннен кейін қатысушыларға берілген АҚШ визасын ұзарту мүмкіндік жоқ.
АҚШ-тағы орта мектептердің оқу бағдарламасы өзгеше. Жеңімпаз бір жыл бойы өз елінде қарастырылған мектеп бағдарламасынан мүлдем басқа материалдарды оқиды.
Қашан, қайда, қалай тапсыруға болады?
Flex бағдарламасының бірінші және екінші кезеңдері 1 тамыз бен 19 қыркүйек аралығында онлайн өтеді. Өтініш беру уақыты Вашингтон уақытымен ашылады. Сілтеме сол күні жарияланады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!