Балалар психологы Павел Турунтаев бала былапыт сөз айтса, қалай әрекет ету керегін айтты, - деп хабарлайды Gazeta.
Турунтаевтың айтуынша, бала ерте ме, кеш пе былапыт сөздер айта бастауы - қалыпты жайт.
"Балалар оны кез келген жерден - көшеде, ата-анасынан, балабақшадан және мектептегі басқа балалардан естиді. Сондықтан балаңыз тәрбиесіз немесе бір жерде өзім дұрыс істемедім деп ойламаңыз. Кері жауап қалыпты әрі ұстамды болуы керек. Дүрбелең туғызудың қажеті жоқ", - деді маман.
Ол ең алдымен, мұндай сөздерді неге айтатынын түсінуге кеңес берді. Маманның сөзінше, оның артында не тұрғанын анықтау керек. Ойланбастан қайталау ма әлде өзіне назар аударту ма?
"Балаға бұл сөздерді үй, балабақша, мектепте айтуға болмайтынын түсіндіріңіз. Ол мұндай сөздерді қандай сөзге алмастыра алатынын, жағымсыз сезімдерін немесе қуанғанын қалай білдіре алатынын бірге талқылаңыздар. Ол бұлай айтқан кезде сізге ұнамайтынын жеткізіңіз. Әрине, баланың мұндай сөздер айтқанын қаламасаңыз, өзіңіз де айтпауға тырысыңыз. Балалардың YouTube-та не қарайтынын бақылауды ұмытпаңыз. Кейінгі кезде балалардың көпшілігі сол жерден жаңа ақпарат алады", - деп ескертті психолог.