- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Баланың кітап оқуға...
Баланың кітап оқуға деген ынтасын қалай ашу керек?
IBalaqai YouTube-жобасында заманауи ертегілердің авторы Джан Амани мен балада оқуға деген табиғи сүйіспеншілікті қалай дамытуға болатыны туралы құнды ұсыныстар берді.
Жазушы Джан Амани баланың оқуға деген құштарлығы өздігінен пайда болуы үшін қандай қадамдар жасау керегін айтты.
"Ата-ана өзінен бастау керек. Өздеріне қандай кітап қызық екенін білу керек. Егер ата-ананың кітап оқуға қызығушылығы болмаса, ең алдымен, Джек Лондонның "Ақ азу" кітабын оқуға кеңес беремін. Ата-ананың өзінде қызығушылық болса, бала мұны сезеді. Бұдан басқа, Жамбыл Жабаевтың ертегілері бар, сол ертегілерді балаларға оқуға кеңес беремін", - дейді Джан Амани.
Ирина Млодик балаларға кітап оқу олардың психологиясына қалай әсер ететінін айтты.
"Ата-ана өзі үлгі болу керек. Егер әкесі теледидар қарап, анасы телефонмен көп сөйлессе, баланың кітап оқуға деген қызығушылығы мүлде ашылмауы мүмкін. Сондықтан кітап оқымасаңыз да, ең болмағанда кітап сөресін жасап қойғаныңыз дұрыс. Бала мұны күштеп оқыту деп ойламауы керек, мұның бәрі табиғи түрде болу керек. Балаңыздан не қызық екенін сұраңыз. Балаңыз бір ертегіні қайта-қайта тыңдағысы келсе, ашуланбаңыз. Мүмкін ол сол ертегіні қорытып үлгермеді. Ол ертегі арқылы өзіне жақсы не жаман кейіпкерді айыра бастайды. Бұдан басқа, оның қиял-ойы дамиды. Бастысы - оны күштеп оқуға ынталандырмаңыз", - дейді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек