- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- түстің сыры
Баланың қорылдап ұйықтауы зиян ба? Сомнолог маман жауап берді
Ресейлік сомнолог Роман Бузунов түс көрудің сырын және көп білмейтін қызықты фактілерді бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы ол журналист Юлия Меньшевоға берген сұхбатында айтты.
Сомнология – бұл ұйқыны, оның физиологиялық, биохимиялық, және психологиялық аспектілерін зерттейтін ғылым саласы. Ол салыстырмалы түрде жаңа пайда болған ғылымға жатады. Сомнологияның негіздері ХХ ғасырдың ортасында қалыптаса бастады. Түстерді зерттейтін мамандарды "сомнолог" деп атайды.
Баланың қорылдауы нені білдіреді?
Роман Бузунов кішкентай балалардың қорылдауы жайлы сомнологияда қандай деректер барын ашты.
"Бұл - үлкен мәселе. Балалардың 10-15 пайызы қорылмен ұйықтайды. Ал 1-2 пайызында "апноэ" диагнозы бар. Апноэ – бұл тыныс алудың уақытша тоқтауы немесе баяулауы, әдетте бірнеше секундтан минутқа дейін созылатын жағдай. Бұл құбылыс көбінесе ұйқы кезінде кездеседі және оны медициналық терминде "ұйқы апноэсы" деп атайды. Ұйқы бала үшін өте маңызды рөл атқарады. Оның өсуіне, жетілуіне ұйқы жауап береді. Егер балаңыз ұйықтап жатқанда 100-ге жуық қорыл арқылы тыныс алса, оның ұйқы жүйесі бұзылады. Үлкендерде де бұл қалыпты жағдай емес. Алайда балалардың қорылдауы екі есе алаңдататын жайт" деп жауап берді маман.
Ол бұл нәрсеге мән бермеудің қандай нәрсеге әкеп соғатыны жайлы айтты.
"Баланың қорылдап ұйықтауы оның өсуін, дамуын тежейді. Мен ата-аналарға бұл нәрсеге бей-жай қарамауға кеңес беремін. Себебі, бұл ертең үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Ертерек балаңызды сомнолог маманға қаратқаныңыз жөн" деп қосты ол.
Еске салайық, бұған дейін солақайларды оң қолға үйрету қаншалықты дұрыс деген тақарыпты тарқатқан едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Литпин