Баланың қабілетін қалай ашу керек? Ата-аналарға кеңес

Баланың қабілетін қалай ашу керек? Ата-аналарға кеңес

Баланы дамытуда дарынынан қалай айырылып қалмау керек және оның әлеуетін қашан ашу керек? Бұл туралы i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психология ғылымдарының кандидаты Гули Базарова түсіндіріп береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - Kcell компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңестер береді. Эфир аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.

Жаңа шығарылымды бүгін, 13 қыркүйекте сағат 20:00-де Tengri TV YouTube-арнасынан көре аласыздар. Спикер "Баланың қабілетін қалай ашу керек?" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.

Гули Базарова Мәскеу психоанализ институтының жанындағы Практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қауымдастығының президенті, Ресейдегі жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына арналған алғашқы "БереZка" бизнес-форумының бас продюсері, қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды психологиялық қолдау орталығының жетекшісі.

Сондай-ақ, ол өзгерістер мен жаңа деңгейге көшу жағдайында топ-менеджерлермен жұмыс істеу үшін тренинг-консалтингтік компанияның құрылтайшысы.

Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен. 

Видео-сұхбатты Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.

Massaget