Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Атырауда нәрестенің бетін тіліп, "емдеген" жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"...Адамдар дәстүрлі емес медицинамен айналысады. Олар медициналық көмек көрсетсе, лицензия болуы (өзінің қызметін - еск.) және лицензияланған қызмет көрсетуі керек. Бүгінде хиджама лицензияланған медициналық көмек түріне жатпайды. Сондықтан осы дерек бойынша комитет айналысып жатыр және тергеу жүргізеді. Болашақта бұл сұрақтарды (бақылауға аламыз - еск.)", - деді министр Сенат кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Бұл ақпарат "НеМолчиKZ" қорының парақшасында жарияланған. Қор мәліметінше, бұл жайт хиджама орталығында болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!