“Баланың беті ісіп, көгерген“. Астанада балабақшаға қатысты дау шықты

Елордадағы жекеменшік балабақшалардың бірінен шу шықты. Тәрбиеші 4 жасар бүлдіршінді ұрды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Анасы қызының беті ісіп, көгергенін байқап, бірден №2 қалалық балалар ауруханасына барған. Дәрігерлер балақай беті мен маңдайынан соққы алғанын анықтаған. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды (соталды тергеу басталды - еск.).

"Сарыарқа ауданының полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетті орындамау, соның ішінде оған қатыгездікпен қарау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады (соталды тергеу бастады - еск.). Қазір қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Астана Полиция департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы Аружан Бектасова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!