“Баланы зорлап, өзенге батырып жіберген“. Атырау облысында жағаұстатар оқиғаға қатысты үкім шықты

“Баланы зорлап, өзенге батырып жіберген“. Атырау облысында жағаұстатар оқиғаға қатысты үкім шықты
Фото: depositphotos.com

Атырау облысында жағаұстатар оқиғаға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Сот мәліметінше, биыл маусымда Құлсарыда 7 жастағы қыз бала Құрсай өзенінің жағалауында серуендеп жүріп, үйіне қайтып бара жатқанда адасып кетіп, жолда сотталушы У.-ды кезіктірген.

"Сотталушы У. масаң күйде болып, оған үйіне баратын жолды көрсететінін айтып алдаған, өзімен бірге жүруді ұсынған. Қызды жаңылыстырып, оны өзен жағасына апарып, дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолданып, зорлаған. Жасаған қылмысын жасыру мақсатында ол баланы ұрып-соғып, кейін өзенге батырып жіберген", - деп жазылған сот мәліметінде.

Сот үкімі

Сот үкімімен У. тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget