Сарапшылардың пікірінше, баланы тыныштандырып, жұбатудың "цифрлық" әдісі оның денсаулығы мен дамуына кері әсер етеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Венгрия мен Канададан келген халықаралық ғалымдар тобы бала тәрбиесінде цифрлық құрылғыларды қолданудың әсерін зерттеді. Мамандар ата-аналар баласы жылаған кезде оны заманауи гаджеттердің көмегімен басуға тырысатын жағдайларға назар аударды.
Frontiers журналында жарияланған ғылыми жұмысқа сәйкес, бұл әдіс қысқа уақытқа тиімді.
"Бала жылап, көңіл-күйі түскен кезде ата-ана оның назарын аудару үшін планшеттерді немесе смартфондарды қолданатынын жиі көреміз. Балаларды цифрлық мазмұн қызықтырады, сондықтан бұл ашулануды тоқтатудың оңай жолы және қысқа мерзімге көмектесетін өте тиімді әдісі", – деп түсіндірді зерттеудің аға авторы, Шербрук университетінің профессоры Каролин Фицпатрик.
Сарапшылар бір жылдық айырмашылықпен жүргізілген екі зерттеудің нәтижелерін талдаған. Нәтижеге сәйкес, цифрлық құрылғылармен жиі тыныштандырылған балалар бір жылдан кейін өздерінің ашуы мен көңіл-күйін басқара алмайтынын көрсетті.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тұрсынбек Қабатов неге қамауға алынды?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!