Баланы қысқы спортпен достастыру қаншаға түседі?

Баланы қысқы спортпен достастыру қаншаға түседі?
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда коньки тебу, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, биатлон, керлинг, шаңғы жарысы, тау шаңғысы, фристайл, сноуборд, шаңғы қоссайысы, шайбалы хоккей, альпинизм және шаңғымен секіру секілді 13 қысқы спорт түрі дамып жатыр. Осы спорт түрлерін балаға ерте жастан үйрету қаншаға түседі? Киімдері қанша тұрады? Massaget.kz тілшісі анықтады.

Шорт-трек

Шорт-трек - қысқа қашықтыққа мәнерлеп сырғанау элементтері бар конькимен жүгіру спортының бір түрі. Шорт-трек бойынша балаларға арналған спорт секциясы кейбір мемлекеттік спорт мектептерінде тегін ұсынылуы мүмкін, ал жеке спорт орталықтарында ай сайынғы төлем - 10 мың теңгеден басталып жоғарылай береді. Ал шорт-трек спорт түріне арналған конькидің бағасы - 50 мың теңгеден басталады.

Фото: depositphotos.com

Мәнерлеп сырғанау 

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында балаларға мәнерлеп сырғанау бойынша дене шынықтыру-сауықтыру тобы бар. Бір айлық абонементтің бағасы - 27 мың теңге.  Бұдан бөлек, мәнерлеп сырғанаушы балада мұз айдынына арналған жылы киім, жемпір, қолғап, баскиім және ең маңыздысы, коньки қажет. Конькидің бағасы 10 мың теңгеден басталады. 

Биатлон

Биатлон - бұл спорт түрінде спортшылар белгіленген қашықтықты шаңғымен жүріп өтіп, белгілі бір жерлерде мылтықпен нысанаға атады.

Биатлонға қажет негізгі керек-жарақтар:

  • Негізгі жабдықтар: шаңғы, шаңғы таяқтары, мылтық, мылтыққа арналған патрондар;
  • Киім-кешек: биатлон кәстөмі, қолғап, бас киім, көзілдірік.

Олардың бағасы:

  • Шаңғы - 50 мың теңге; шаңғы таяқтары - 10 мың теңге; шаңғы етігі - 25 мың теңге; шаңғы бекіткіштері - 10 мың теңге; биатлон кәстөмі - 25 мың теңге; қолғап - 2 500 теңге; бас киім - 2 500 теңге: көзілдірік - 5 000 теңге: шаңғы майы - 2 500 теңге. Жалпы алғанда толық жабдықталу үшін шамамен 135 мың теңге қажет болуы мүмкін.

Өкінішке қарай, балаларға арналған биатлон секцияларының нақты бағалары туралы ақпарат шектеулі. Өйткені бүгінде биатлон Қазақстанның 7 өңірінде ғана белсенді дамып жатыр.

Фото: depositphotos.com

Керлинг

Керлинг - мұз айдынында ойналатын командалық спорт түрі. Ойынның мақсаты - арнайы тастарды мұз бетімен сырғытып, нысанаға (хаус) мүмкіндігінше дәл орналастыру. Керлингке қажетті негізгі керек-жарақтар: керлинг тастары, арнайы аяқкиімі, щетка (брум), жолақ (хак), қорғаушы құралдары.

Олардың құны:

  • Керлинг аяқкиімі - 50 теңге; щетка (брум) - 20 мың теңге; қорғаушы құралдар - 10 мың теңгеден басталады.

Алматыдағы балаларға арналған керлинг секцияларының бағасы: 15 000 теңгеден басталады.

Шаңғы жарысы

Шаңғы жарысы - спортшылардың арнайы дайындалған трассада белгілі бір қашықтықты шаңғымен ең аз уақыт ішінде өтуге бағытталған қысқы олимпиадалық спорт түрі. Шаңғы жарысына қажетті негізгі керек-жарақтардың бағасы: шаңғы - 50 мың теңге; шаңғы таяқшалары - 10 мың теңге; шаңғы етігі - 30 мың теңге; байламдар - 20 мың теңге; киім - 40 мың теңге; қорғаушы құралдар - 10 мың теңге. Осылайша, толық жиынтық шамамен 160 мың теңге болуы мүмкін.

Алматыда балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резервтегі 10 спорт мектебі жұмыс істейді. Бұл мектептерде шаңғы жарысы бойынша секциялар болғандықтан, жаттығулар тегін өткізілуі мүмкін.

Фото: depositphotos.com

Тау шаңғысы

Тау шаңғысы - шаңғы спортының жетекші түрінің бірі. Алматыда балаға тау шаңғысына қажетті негізгі керек-жарақтарды сатып алу құны:

  • Шаңғы - 50 мың теңге; шаңғы етігі - 30 мың теңге; байламдар - 20 мың теңге; шаңғы таяқшалары - 10 мың теңге; киім - 40 мың теңге; қорғаушы құралдар - 10 мың теңгеден басталады.

Осылайша, толық жиынтық шамамен 160 мың теңгеден басталады.

Ал секция бағасына келетін болсақ, мәселен, Шымбұлақ тау шаңғысы курортында шаңғы тебуді үйрететін жаттықтырушылар бар. Өкінішке қарай, онда бір айлық абонемент жоқ, ал 3-5 жас аралығындағы балаларға 45 минуттық жеке сабақ 10 мың теңге, ал 6-10 жас аралығындағы балаларға бір сағаттық жеке сабақ 12 мың теңге тұрады. 

Фото: depositphotos.com

Сноуборд

Сноуборд - қарлы беткейлер мен таулардан арнайы тақтаймен (сноубордпен) сырғанауға негізделген қысқы олимпиадалық спорт түрі. Бұл спортта спортшылар қарлы беткейлерден төмен қарай сырғанап, түрлі акробатикалық элементтерді орындайды. Сноубордқа қажетті негізгі керек-жарақтардың бағасы:

    Сноуборд тақтасы - 50 мың теңге; байламдар - 20 мың теңге; сноуборд етігі - 30 мың теңге; дулыға - 15 мың теңге; қорғаушы көзілдірік - 10 мың теңге; арнайы киім - 40 мың теңге; қолғаптар - 5 мың теңге; қорғаушы жабдықтар - 20 мың теңгеден басталады. Осылайша, толық жиынтық шамамен 190 мың теңгеге шығады.

    Шайбалы хоккей

    Шайбалы хоккей - мұз үстінде шайбамен ойналатын командалық спорт түрі. Шайбалы хоккейге қажетті негізгі керек-жарақтардың бағасы: коньки - 30 мың теңге; шлем - 15 мың теңге; хоккей таяғы - 10 мың теңге; қорғаушы жабдықтар жиынтығы - 50 мың теңге; қолғаптар - 10 мың теңге; шолақ шалбар - 15 мың теңге; гетралар мен формалар - 10 мың теңге; тіс қорғаушысы - 2 000 мың теңгеден басталады. Осылайша, толық жиынтық шамамен 142 мың теңгеден басталады. 

    Алматыдағы балаларға арналған шайбалы хоккей секцияларының бағасы - бір айға 45 мың теңгеден басталады. 

    Фото: depositphotos.com

    Альпинизм

    Альпинизм - таулы аймақтарда шыңдарға жаяу немесе өрмелеп көтерілуге негізделген спорт түрі. Альпинизмге қажетті негізгі керек-жарақтардың бағалары:

    • Аяқкиім - 30 мың теңге; арқан - 20 мың теңге; құралдар - 15 мың теңге; қорғаушы жабдықтар - 25 мың теңге; киім - 40 мың теңге; мұз құралдары - 30 мың теңге; жеке заттар - 10 мың теңгеден басталады.

    Осылайша, толық жиынтық шамамен 170 мың теңгеге шығуы мүмкін.

    Шаңғымен секіру

    Шаңғымен секіру - арнайы жабдықталған трамплиннен (тұғырдан) шаңғымен секіруге негізделген қысқы спорт түрі. Шаңғымен секіруге қажетті негізгі керек-жарақтардың бағасы:

    • Шаңғылар - 50 мың теңге; байламдар - 20 мың теңге; аяқкиім - 30 мың теңге; киім - 40 мың теңге; дулыға - 15 мың теңге; көзілдірік: 10 мың теңге; қолғаптар - 5 мың теңгеден басталады.

    Осылайша, толық жиынтық шамамен 170 мың теңгеден басталады.

    Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

    Б. Жұмаділлә
    Logotype Massaget