- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Баланы есікпен қысып,...
Баланы есікпен қысып, бірнеше метр сүйреген: Семейде автобус жүргізушісіне айыппұл салынды
Семейде бала автобус дөңгелегінің астына түсе жаздаған, алайда жүргізуші айыппұлмен құтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде әйел Семейде болған оқиғаны жазған. Оның айтуынша, жүргізуші жолаушылар толық түскеніне көз жеткізбестен, есіктерді жауып тастаған. Салдарынан 7 жасар бала есікке қысылып қалған, ал жүргізуші қозғала бастаған кезде баланың денесі толық сыртта қалған. Осылайша, ол баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.
Абай облысы Полиция департаменті өкілі 5 ақпанда Hyundai автобусының 56 жастағы жүргізушісіне жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 593-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын мәлімдеді.
Бұл құқықбұзушылық 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеліп соғады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова