Баланы байқамаған: Түркістанда балабақша көлігінің жүргізушісі тәрбиеленушіні қағып өлтірді

Баланы байқамаған: Түркістанда балабақша көлігінің жүргізушісі тәрбиеленушіні қағып өлтірді
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Түркістанда балабақша көлігінің жүргізушісі тәрбиеленушіні қағып өлтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 20 қазанда балабақша жүргізушісі тәрбиеленушілерді тасыған кезде болған. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

"Жеке балабақша тәрбиеленушілерін тасымалдайтын Hyundai Starex маркалы көлігінің жүргізушісі баланы үйінің маңындағы жолға түсірген. Бала көліктің алдына жүгіріп бара жатқанда, оны байқамаған жүргізуші қағып кеткен. Сәби ауруханаға жеткізілді, бірақ жансақтауда қайтыс болды", - деді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ресми мәліметтерге сәйкес, жүргізуші қамауға алынды, көлік айыппұл тұрағында. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова