Талдықорғанда балабақшадағы оқиға видеоға түсіп қалды. Видео әлеуметтік желідегі жергілікті парақшалардың бірінде пайда болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрларда тәрбиеші (немесе күтуші) кішкентай баланың басынан ұрып жатқаны көрінеді.
Жетісу облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды.
"Тергеу аясында балабақша тәрбиешісінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді", – деді полицейлер.
Облыс прокуратурасы бұл дерек бақылауға алынғанын хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!