- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Балаңды терезеден лақтыру...
"Балаңды терезеден лақтыру туралы ой келеді". Танымал блогер босанғаннан кейін қатты күйзеліске түскенін айтты
Танымал блогер Арайлым Оралбай "Laula" подкастына берген сұхбатында босанғаннан кейін депрессияға түсіп, салдарынан баласын терезеден лақтыру туралы ой келгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, әйел психолог кеңесіне барып тұру қажет.
"Негізі әйел психологқа барып тұруы қажет, өйткені ол ішіндегіні шығарып түрмаса, неше түрлі ой келеді екен. Босанғаннан кейін шайтандар әйелді қатты азғырады. "Балаңды терезеден тастап жіберсей", "өлтіре сал" деген ойлар салады. Мен күйеуіммен ұрысқан кезде қолыма пышақ алып, оны артынан қуалағанмын, екеуміз төбелескенбіз. Мен күйеуі ұрса, жылап жататын әйелдердің қатарынан емеспін. Мені күйеуім итеріп қалса, мен оны барып ұрамын, мен сондай жауынгер болғанмын. Бірақ кейде қатты депрессияға түсіп кеткен кезде "өзің өлтіре салсай" деген ой келеді. Терезеге қарап тұрған кезде балаңды терезеден лақтырып жатқаныңды көзіңе елестетеді. Енді түрлі жағдай болады ғой, бала жылайды, оны баса алмайсың кетесің. Сондай ойлар жаман азғырады, мұндай жағдайдан зорға шықтым. Қазірдің өзінде шайтан мені азғырады, бірақ мен оған берілмеймін, салдары қандай болатынын ойланамын.
Ал кейбір әйелдерде кейін не болатынын ойлана алмай қалады ғой, ойлау қабілетін шайтан бұғаттап тастайды. Оларға "қазір құтыла сал" деп көрсетеді. Балаларын өзі өлтіретін әйел көп қой, бұл сол депрессияның кесірінен", - деді блогер.
Тағы да оқи отырыңыздар: Абылай хан тұсындағы Бөгенбай батыр
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә