"Балаң түсіп, өліп қалсын". Таксистпен жанжалдасқан әйел көпшіліктен естіген ауыр сөздерді ұмыта алмай жүр

"Балаң түсіп, өліп қалсын". Таксистпен жанжалдасқан әйел көпшіліктен естіген ауыр сөздерді ұмыта алмай жүр
Фото: видеодан алынған кадр

Такси жүргізушісімен сөзге келген әйел Гүлжанар осы оқиғадан кейін жағдайды түсіндіріп, сұхбат берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гүлжанар осы оқиғадан кейін Желіде өзіне буллинг күшейгенін, алайда оның көбін елемегенін айтты.

"Бір пабликтегі пікірге түсіндірме сөзімді, өз ойымды жазғанмын. Стористе жүктілік туралы айттым, "Түсіндіріп жатырмын енді, түсінетін шығар" деп. Енді оны ақталып жатыр деп ойлаған ба? Елдің қалай түсінгенін білмеймін. Мен бір ғана түсіндірме жазамын дедім, болды. Ел түсінсе - түсінсін. Түсінбегендерге, миы жетпегендерге қалай түсіндіремін деп, қоя қойдым дедім. Сол жерде "Түсіп қалсын", "Балаң өліп қалсын" деді маған. Ең ауыр тигені - сол", - деді ол SYR Podcast-қа берген сұхбатында.

Оның сөзінше, мұндай сөздерді өзіне әйел кісілер, үлкен адамдар жазған.

"Енді қай өңірдің адамы екенін білмеймін, бірақ ауыр боп тигені сол сөздер болды. "Өліп қалсын, бүйтіп қалсын" деген жаман ғой енді. Негізі оны ешкім білмейді. Қазір айтып тұрмын. Жай сөздер өткен жоқ. Өйткені өзім комплексі жоқ адам болған соң елей бермеймін. "Адам ішінен шыққанды айтады" деп, қоя беретінмін. Дәл сол сөздер есімде қалып қалды. Қазір де оны қайғырып айтқым келмейді. Жай ғана аяғы ауырлар түсінетін шығар деп айтқан түрім ғой енді", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде такси жүргізушісімен сөзге келген әйелдің видеосы тараған еді.

Видеода әйел мен такси жүргізушісінің арасында кикілжің пайда болғаны анық көрінеді.

"Сенің шатағың болмасын, түсіндің бе? Қалай беремін, өзім білемін. Таксисің бе такси болып жүр. Өз орныңды біл. Аяғыңды аспаннан келтіріп жіберемін ғой. Бағана қалай сөйлеп тұрдың? Еркек басыңмен... Мен саған 1090 шығып тұр дедім. Неге бес жүз қосасың? Айқайлаймын, өзім білемін", - дейді әйел.

TikTok желісінде әйелдің оқиға неге бұлай ушығып кеткенін түсіндіретін тағы бір видеосы тарады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан