- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Баламыздан жырып, жемқорлыққа...
"Баламыздан жырып, жемқорлыққа баруға қандай қақысы бар?" Ата-аналар мектеп тамағына наразы
Алматы облысындағы Кемертоған орта мектебінде ата-аналар шу шығарды. Олардың айтуынша, білім ордасы 1 мен 4-сынып оқушыларына ыстық тамақтың орнына желінбей қалған қалдықтарды жылытып беріп жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен асханадағы азық-түлікті видеоға да түсіріп алған. Ал мектеп басшылығы мен асханаға жауаптылар әртүрлі жауап айтып әбден састы. Сарғайып кеткен күріштен бөлек, жарамдық мерзімі екі ай бұрын өтіп кеткен айран-сүт те жүр. Ата-аналардың ашуын келтірген осы видео. Балаларының мектептен не жеп отырғанын көріп жағасын ұстаған.
"Күріш қатып қалған. СЭС-тің нормативі бойынша, бір күнде желінетін нәрсе, баланікі. Ал оның қанша күн тұрғанын бір Құдай біледі. Одан кейін котлеттер. Мерзімі өткен, сүттер. 200 грамм тамақ болу керек. Оның ішінде 50 грамм болу керек. 112,115 грамдар. Ет 5-6-ақ грамм. Ақша жасау", - дейді ата-ана Әсет Оңалбаев.
Кемертоған ауылындағы бұл мектепте жалпы бес мыңнан аса оқушы бар. Соның 2800-і осы асханадан ас ішеді. Тұрып қалған тамақтың кесірінен бір бүлдіршін ішек ауруына шалдықса, қалғаны құсып, әбден мазасы қашты дейді ашулы аналар.
"Бірдей тамақ берілетіні 1 мен 4-тің арасына. Менде 5 мынып пен дайындық сыныбы. Олар тамақ ішпейді. Олардың іштері ауырмайды. Үйдің тамағынан. Баратын екі оқушым, біреуі-екі біреуі үш оқиды. Үшінші сыныптағы ұлымның тек аллергиясы мен гайморитімен алысқанмын", - деді Гүлвира Сапарбай.
Ал Мәрия Құрманбекова тамақ көгергенін айтты.
"Қаншама миллиард ақша бөледі. Қандай қақысы бар, бұл кісілердің, біздің баламыздан жырып, жемқорлыққа баруға? Көгерген тамақ. Ыстық тамақ бермейміз. "Жесең же, жемесең қой" деп, мектепте сондай қарым-қатынас жасаса, болашағымыз қалай болады? Білім ордасындағылардың пікірі әртүрлі. Анық-қанығын өздері де білмейтін сияқты. Сол асханадағы аспаздар видеодағы асты балаларға емес, итке береміз деп отыр", - дейді ол.
Аспаз ата-аналардың наразылығына жауап берді.
"Ол жуынды емес. Ешқандай жуынды емес. Итке беретін тамақ. Балаларға бермейміз. Бізде жуынды алатын кісі үш күн жоқ болып қалды. Далада күн ыстық болғаннан кейін кіргізіп қойдық. Сол сәтте Әсет келіп көрді", - дейді аспаз Науат Үсембаева.
Ал мектеп директоры мұны тіпті алдын-ала дайындалған тамақ деп отыр.
"Бейнематериалдағы сол жерде алдын ала дайындаған. Мысалы, мынандай котлет. Видеоны көрсеңіздер, қандай артықшылық болып тұр, қандай қоқыс болып тұр? Ешқандай жуынды жоқ. Менің бала-шағам осы мектепте оқиды. 2800 оқушыға жуынды бергізіп қойып, қарап отырам ба?" - дейді Кемертоған орта мектебінің директоры Дархан Нақысбек.
Басшылықтың жауабына сенбеген ата-аналар бүгін санитар мамандарға арыз түсірді. Қатаң тексеріс жүргізіп, қатысы барлардың бәрін жауапқа тартуын талап етіп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек