Үшарал қаласының бір топ тұрғыны Көремізден араша сұрайды. Айтуларынша, аудандағы жалғыз ауруханада балалар хирургы жоқ. Сол себепті аз уақыттың ішінде денсаулығына шағымданған 3 бала жұмбақ жағдайда қаза тапқан. Соның бірі Айымның ата-анасы "Көреміз" бағдарламасында толығырақ мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Анасының айтуынша, дәрігерлер нәрестенің қандай дертке шалдыққанын ота жасау барысында ғана анықтаған.
"Балам ауырып барғанда, дәрігер ішін басып көрді де, "аппендицит қой" деді. Сосын мен "шыныңды айт, әйтпесе ішіңді кеседі" дедім. Сосын мен қызымның киімдерін апарып барсам, отаны жасап тастаған. Отадан соң бала оянды. Бірақ анализ алмаған. 5-і күні космофер құйды, бала өзгеріп тастады. Мінезі басқаша болды. Қарсыласып, қырсығып бастады. Оны төрт сағат бойы құйған. Сол құйғаннан бала мүлдем тұрмаған",- деді анасы.
Әжесі немересінің өз аяғымен барғанын айтты.
"Немеремнің жасы 5-те еді. Бұған дейін еш жері ауырмады. Ауруханаға балам мен келінім апарды. Отадан соң бала оянған. Сөйлескенде жақсы болды. 6-сы күні ұлым үйге жылап келді. "Айсұлуды жедел түрде облыс орталығына апармаса болмайды" деді. Отадан кейін бұлай қалай болғанына таңғалдым. "Бала жетпей қалуы мүмкін" деп ескертіпті. Үшарал аудандық ауруханасының хирургі Жандос мырза ота жасады", - деді әжесі Бағиза Мамырбаева
Дәрігердің айтуынша, баланы отаға екі сағат дайындаған.
"Баланы отаға кіргізер алдында екі сағат дайындадық, система салдық, анализдерін алдық. Орта есеппен 30 минут ота жасадық. Космофер сұйықтығын құйдық. Бірақ ол зиянсыз. Екі күн ғана салдық. Олардың гемоглабині көбею үшін арнайы көрсеткіш болады. Балада бастапқыда көрсеткіш жақсы болды. Балаға әрбір дәрі ата-анасының рұқсатымен салынады",- деді Жандос Құсайынұлы.
Аурухананың орынбасары бала отадан таза шыққанын айтты.
"Бұл бала отадан жақсы шықты. Ешқандай асқыну болған жоқ. Бұл ауру бауырға , бүйрекке басқа жерге әсер береді. Баланың миына әсер бергендіктен бала қайтыс болды. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады", - деді аудандық аурухананың орынбасары Дүйсенғали Сейтқалиұлы.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!