Әнші Шахизада "Махаббатпен сырласу" бағдарламасында басынан өткен қиын сәттеру туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі баласына аналық махаббат сыйлай алмағанын айтты.
"Баламның адасқан кездері болды. Қазіргі мамандығын таңдауына сол себеп болды. Гастроль деп жүріп, балама аналық махаббат сыйлай алмадым. Қазір үйі, көлігі, жұмысы бар. Соның өзінде балалық ренжу деген қиын нәрсе екен. Бірде маған "аналық махаббатты сыйлай алмадыңыз" деп ренжіді. Сол кезде "өткен өміріңмен өмір сүрсең болашағың болмайды, төрт балаң бар, есіңді жи, қателігімді сен қайталама" дедім. Содан кейін түсінді. Балам қазір психолог. Қатты күйзелісте жүрген балаларды емдейді. Бұл мамандықты өзі қалап түсті", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!