Осыдан екі ай бұрын Алматы облысы Талғар қаласында 4-сынып оқушысы Саяттың сыныптастарынан зәбір көргені туралы жарияланған болатын. Буллингке кімдер қатысқаны және істің қай деңгейде жүріп жатқаны туралы оқушының анасы "Қыздар-ай" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Саят қазір Талғардағы №28 мектепке ауысқан.
"Баламның өміріне алаңдаулымын. Қазір жақсы деп айта алмаймын. Психологпен жұмыс істеп жатырмыз. Ешкіммен сөйлеспейді, тұйық. Өте қатты агрессивті. Психолог балада трамва бар екенін айтты. Бізге психотерапевтикалық емдеу түріне баруды ұсынды. Мен ондай қадамға барғым келмейді. Баламды ұрған балалар үйге келді. Неге келгенін білмеймін. Олар қақпаның сыртында тұрып, Саяттың намысына тиетін сөздер айтып қашады. Осыны естіп, ұлым жүйкесі жұқарып, ашуланды. Сосын ұлыммен басқа пәтерге көшіп кеттік. Бұл мекен-жайды ешкім білмейді. Бірақ кінәлі балалардың ата-аналары менен кешірім сұраса, осы істі тоқтата салар едім. Ешкім кешірім сұрамады", - деді Әсем Биғалиева.
Адвокат Эльнура Кішкенебаеваның айтуынша, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
"Арыз бойынша қылмыстық іс қозғалған. Іске қатысты тұлғалардың бәрінен жауап алып, медициналық сараптама тағайындалған. Сараптама нәтижесімен таныстық. Тергеуші өз өндірісіне алған. Алдағы уақытта тағы бір сараптама нәтижесін күтіп отырмыз", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!а