"Балам да жоқ, әйелім де жоқ". Танымал әнші халықтан кешірім сұрады

Танымал әнші Kalifarniya халықтан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі TikTok-парақшасында отбасы құрмағанын, алғашқы концертінде қалжыңдағанын айтты. 

"Ассалаумағалейкум, құрметті Қазақ елі! Қалдарыңыз қалай? Мен бір кездері алғашқы концертімде прикол ұстаған едім. Әйелім бар, балам бар деп сахнаға бір қыз бен баланы алып шықтым. Негізі, олай емес, ол - пранк. Содан шығатын түйін - ешқашан өтірік айтпаңыздар. Өзіңізге кесірі тиеді екен. Мен де енді өтірік айтпаймын. Кешірім сұраймын", - дейді ол видеода.

@kalifarniyaga

Сауысқаан келіііп диснго)

♬ оригинальный звук - Kalifarniyaga

Желі қолданушылар бұл видеоға түрлі пікір қалдырған. Бірі әншіні сынаса, екіншісі отбасы жоғына тіпті қуанып кеткен. 

"Отбасым, балам бар деген не, мазақ па, прикол ма?" "Үйленген ғой, оқырмандары азайып бара жатқан соң айтқан болар", "Кесірі тимеу үшін прикол ұстамау керек", "Қайта тіркелем онда", "Мен неге қуанып отырмын", "Осындайдан кейін сенім жоқ саған", - деп жазған пікір қалдырғандар. 

22 жастағы өнер иесі көпшілік арасында Kalifarniya деген атпен танымал. Оның "Роза", Qar, Aspan, Jurip Kelatasyn, "Ритм-такт" әндері бар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!