- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Балалықтың лебі есіп...
"Балалықтың лебі есіп тұр". Мақпал Жүнісова 42 жыл бұрын түсірілген видеосын көрсетті
Танымал әнші, қазақтың бұлбұлы Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында 42 жыл бұрын түсірілген видеосын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл жылы 18 жаста болған. Видеода әнші "Дүние сұлу" әнін орындайды.
"1982 жыл, марқұм Ақжол Мейірбеков ағамыз хабарлапты, Сейдолла Байтереков ағамыз да өмірден озып кетті, жандары жәннатта болсын, топырақтары торқа болсын", - деп жазған ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары өнер иесінің видеосына тамсанып, пікір қалдырған.
"Сол кезден архивте сақталған осындай құнды видеолардың болғаны қандай керемет. Бұл - тарих. Сол кездегі ерекше атмосфера, басқа заман, адамдардың ниеті жан тазалығы мәдениеті бұзылмаған заман", "Мақпал апайымыз қазір де жаман емес ,әп-әдемі, фигурасы да өзіне жарасып тұр, нағыз өнер адам", "Не деген сұлулық, не деген нәзіктік, не деген дауыс, сахнада өзін еркін ұстауының өзі бір ғажап", "Не деген шынайылық! Жүректе тазалық, жанарда махаббаттан емес бір балалықтың лебі есіп тұр! Әдемісіз", - деп жазған олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек