Балалы әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен: Қызылордада бес айлық сәби көз жұмды

Балалы әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен: Қызылордада бес айлық сәби көз жұмды
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде Қызылордада адам өліміне әкеп соққан жол апаты туралы ақпарат тарады. Мәліметке сүйенсек, Mitsubishi Lancer жүргізушісі бес айлық баласы бар әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тарап жатқан мәлімет бойынша жол апаты 13 қазанда сағат 17:10 шамасында болған. Mitsubishi Lancer жүргізушісі 26 жастағы әйел мен кішкентай баланы қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Әйел мен бала ауруханаға жеткізілген. Желідегі ақпаратқа сәйкес бес айлық сәби алған жарақаттарынан қайтыс болған.

Қызылорда облысы Полиция департаменті адам өлімімен аяқталған жол апаты және оқиға орнын тастап кету дерегі бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады. Күдікті анықталған, бірақ оны іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

"Қаладан шығар жолдарда өткізу режимі күшейтілді. Күдіктіні құрықтауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларына департаменттің күштері мен құралдары жұмылдырылды", - деді полиция.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget