Балаларының көзінше: Қостанайда полицейге шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалды

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкеріне шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.

Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, полиция қызметкері қызметтен тыс уақытта кәмелетке толмаған балаларын ертіп жүрген кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған адамдарға ескерту жасаған. Бұған жауап ретінде олар агрессия танытып, полицейге күш қолданған.

"Барлық адам анықталып, оқиға орнында ұсталды. Билік өкіліне шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әр адам толық көлемде жауапкершілікке тартылады", - деді полиция.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!