Марат Әйтенов алимент қарызын төлемегені үшін Mercedes автокөлігінен айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Астана қаласының жеке сот орындаушылары хабарлады. Олардың мәліметінше, Әйтенов балаларына 23 миллион теңге қарыз болып қалған.
Автокөлік сатылымға қойылады. Одан түскен қаржы қарызды өтеуге берілмек. Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Әтешованың сөзінше, оның бұрынғы күйеуі бұл көлікті жасырып жүрген. Ол үшін Әйтенов бұрынғы жеке сот орындаушымен келісіп алған көрінеді.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте экс-әкімнің ағасы бұрынғы әйелі мен үш баласын үйінен күштеп қуып шыққаны туралы видео тарап кетті. Кадрларда белгісіз ер адам Дана Әтешованы үйінен күштеп алып шығады. Кадр сыртында бұл Марат Әйтенов екені айтылады. Бұл уақытта полиция оқиғаны көшеде бақылап тұрған.
"Ең сорақысы - әйелді шашынан сүйреп, күш қолданғанда, бәрін полицейлер камераға түсіріп тұр", - деп жазылған жазбада.
Дана Әтешова бұл жағдайдан соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан өзіне және балаларына көмектесуін өтініп, үндеу жасады. Ал Астана полициясы Әйтенов отбасын үйінен қуып шыққан шулы видеодан кейін тергеу жүргізілгенін хабарлады. Кейін Шымкентте экс-әкімнің ағасы Марат Әйтенов ұсталды.
Даулы оқиғадан соң сот шешімі шығып, әйелін балаларымен үйінен қуып шыққан Марат Әйтенов 5 тәулікке қамауға алынды.
Сонымен қатар Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жағдайға қатысты пікір білдіріп, балалар қорғауға алынғанын айтты.
Дана Әтешова Massaget.kz-ке сұхбат беріп, мәселенің мән-жайын айтып берген болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз