- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Балаларын балконнан лақтырып...
Балаларын балконнан лақтырып жіберген әйел қамауға алынды
33 жастағы Алматы тұрғыны Жадыра Көкенай екі кәмелетке толмаған баласын 5 қабаттан лақтырып жібергені үшін қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі басшысы Қуандық Ешметке сілтеме жасап today.kz хабарлайды.
“Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотына 1982 жылы туылған Құлмамырова Жадыраға қатысты қылмыстық істің материалдары келіп түсті. Күдікті 24 бап – “Қылмыс жасауға қамдану және қылмыс жасау әрекеті” мен 99 бап – “Адам өлтіру” бойынша айыпталуда”, – делінген хабарламада.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 5 қыркүйекте өз пәтерінде болған күдікті өзінің кәмелетке толмаған балаларын қасақана өлтіру ниетімен және кейін өзіне қол салу ойымен 2007, 2014 жылғы екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберіп, артынша өзі секірген.
“Биіктіктен құлау салдарынан, 2007 жылғы Көкенай А. оқиға орнында көз жұмды. Ал 2014 жылғы Көкенай Х. мен күдікті Құлмамырова Ж. ауыр жарақатпен емханаға жеткізілді. 12 қыркүйекте аудандық сот күдіктіні тексеру барысында, оны 2 айға қамауға алу шешімін шығарды”, – делінген сот хабарламасында. Шешім заңды күшіне енген.
Оқиғаға куә болған жергілікті көкөніс пен жеміс-жидек сатушы біржарым жастағы қызды аман алып қалғандығын айтқан.
Қалалық ІІД баспасөз хашысы Салтанат Әзірбек хабарлағандай, қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Қалалық ІІД өкілі хабарлағандай, келіншектің күйеуі бар, толыққанды отбасы екен. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны жұмбақ болып отыр.
@. @assel_assanova