Астана тұрғыны ақшасына балаларды балабақшаға орналастыруға уәде берген, алайда ол бұл әрекеті үшін сотталып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қаласы прокуратурасы мәліметінше, күдікті 8 ай бойы балаларын балабақшаға орналастырғысы келген ата-аналарды іздеген. Олармен байланысып, өз қызметін ұсынып, таныстары арқылы мектепке дейінгі мекемеден орын алуға көмектесетініне сендірген.
Оның уәдесіне сенген 9 тұрғын оған 590 мың теңге көлемінде ақша аударған.
Сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Жәбірленушілердің азаматтық талабы қанағаттандырылған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!