Балаларын балабақшаға орналастырғысы келген ата-аналарды іздеген: Астанада алаяқтық әшкере болды

Балаларын балабақшаға орналастырғысы келген ата-аналарды іздеген: Астанада алаяқтық әшкере болды
Фото: depositphotos.com

Астана тұрғыны ақшасына балаларды балабақшаға орналастыруға уәде берген, алайда ол бұл әрекеті үшін сотталып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Мән-жайы

Астана қаласы прокуратурасы мәліметінше, күдікті 8 ай бойы балаларын балабақшаға орналастырғысы келген ата-аналарды іздеген. Олармен байланысып, өз қызметін ұсынып, таныстары арқылы мектепке дейінгі мекемеден орын алуға көмектесетініне сендірген.

Оның уәдесіне сенген 9 тұрғын оған 590 мың теңге көлемінде ақша аударған.

Сот үкімі

Сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Жәбірленушілердің азаматтық талабы қанағаттандырылған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget