Актриса Жұлдыз Абдукаримова әлеуметтік желідегі парақшасында ауруханаға қандай күйде түскенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, өнер иесі үйінде басын көтере алмай жатып қалған. Ауырып қалған кезде ол балалары қорқып қалмасын деп қатты уайымдаған.
"Балаларым қорқып қалмасын деп уайымдадым. Таң намазының уақыты еді. Солқылдап тұрған басымды әрең көтердім. Айнаға қарасам, көзім кіртиіп, бетім бозарып тұрды. Әдеттегідей қатты шаршаған болармын. Ұйқының ақысын берсем, жазылармын дедім. Таңғы 9-ды күтіп, жұмысқа хабарластым. Сол күнгі кездесу, түсірілімдердің барлығын кейінге шегеруді тапсырдым да қайта жатып қалдым. Бірақ, ұйықтай алмадым. Қос қолдап, басымды құшақтап жата бердім. Балаларым кезек-кезек бөлмеге кіріп, менің күйімнен шошып кетті. Сезім мен Алау маған көрсетпей, бөлмелеріне барып жылап алған. Нарұл үлкен жігіт болып, дәрігер іздеп, дәрі беріп, айналасына хабарласып жатты. Хан жанымнан шықпай қойды. Түн ортасына дейін алыстым. Бас ауырғаны күшейе берді. Құрбыма хабарластым. Шыдай алар еместігімді естігенде, 10 минутта келді де, ауруханаға жедел жеткізді. Дәрігерлер "бірден жатыңыз" деді. Үйдегі "балаларым не болады" деген оймен, күндізгі стационарда емделемін деп шештім. Бүгін міне бір апта, үй мен аурухананың ортасындамын. Бас ауырғаны сейілер емес. Емделіп жүргеніме балаларым үйренісіп, ақпаратты қабылдай алатындай уақыт болды. Енді ауруханаға жатуға болады. Ана - баланың санасында әлем. Әлем шайқалса оларға не болады?Маған деген жылы тілектеріңізді оқып жатырмын. Алғысым шексіз", - деп жазды ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз