- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Балаларым осы үйде...
“Балаларым осы үйде қалмақшы болған“ – Шерзат Болаттың әпкесі өрт туралы сұхбат берді
Талғарда бір топ кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Марқұмның әпкесі Перизат Нұрымова Massaget.kz тілшісіне осы оқиғадан кейін сұхбат берді.
Оның айтуынша, олар бұл үйге бір аптаға жуық уақыт келмеген, бірақ дәл кеше осында Құран оқытпақшы болып, тазалап кеткенін айтты.
"Күйеуім мен балаларым тек малға келіп кететін. Ит, мысықтарымыз бар осы жақта. Тамақтарын беріп, жарты сағат, бір сағатқа келіп кететін. Кеше балалар қалмақшы болған, бірақ қалдырмадым. Балаларды апарып тастап, әрі қарай жұмысқа кеткенмін. 22:30-да жұмыста болдым, 00:30-дарда жеңгем "Ағаңды біреу шақырып кетті, кім екенін білесің бе? Саған айтады ғой" деп хабарласты. Сосын: "Жоқ, қазір хабарласамын" дедім, ағам алмады. Артынан жеңгем "Перизат, біреулер кіші үйді өртеп кетіпті" деді. Басында сенген жоқпын. Жай ғана кішігірім бірдеңені жаққан шығар деп ойладым" , – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Шерзат Болаттың үйі өртеніп кеткенін жазған едік.
Осы оқиғадан кейін марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан