"Балалары үшін базарда тұрған". Ата-анасына тосынсый жасаған балаларының әрекеті көпті елжіретті

"Балалары үшін базарда тұрған". Ата-анасына тосынсый жасаған балаларының әрекеті көпті елжіретті

Ата-анасының мерейтойына тосынсый жасаған балаларының әрекеті Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны TikTok-қа Динара Шоканаева есімді қолданушы жүктеген. Оның сөзінше, ата-енесінің 60 жас мерейтойы болған екен. Ол күйеуімен ата-анасын кәуәп жеуге барамыз деп мейрамханаға алып келген. 

Мейрамханаға кіріп есікті ашқан кезде туыстары мен жақындары жиналғанын көріп, ата-анасы аң-таң болып, қуана кетеді. Алайда ата-аналары туыстары жиналғанынан бейхабар болған. 

@dinarashokanaeva

♬ оригинальный звук - Dinara Shokanaeva

"Әкесінің қуанғанын-ай, көзінен көрініп тұр ғой", "Мәссаған, мен неге жылап отырмын?", "Мен қуанып, көзіме жас келгенін-ай, өмірлері ұзақ болсын, күшті идея", "Өздері де қуанып қалды ғой таңырқап, идея кімнен шықса да күшті, ұйымдастырушылар супер", "Абай аға мен Венера апа, көп жасаңыздар, балалары үшін базарда тұрған, еңбектерін ақтап жатыр", "Ата-анасына айтпай, жақсы дайындалыпты", - дейді Желі қолданушылары.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина