• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

“Балаларға есірткі қосылған құлпынай кәмпиті беріледі“. Желіде қорқынышты хабар тарады

“Балаларға есірткі қосылған құлпынай кәмпиті беріледі“. Желіде қорқынышты хабар тарады
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандықтар чаттарда балаларға мектеп пен көшеде "есірткі қосылған құлпынай кәмпиттері берілетіні" туралы қорқынышты ақпарат таратып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

WhatsApp чаттарда тараған ақпаратта балаларға "құлпынай квик" кәмпиттері, құрамында есірткі, яғни кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін екені айтылады.

Әлеуметтік желіден

Ішкі істер министрлігінің өкілдері осы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Бұл шындыққа жанаспайды. Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпарат тарату - қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн. Ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды екенін еске саламыз", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget