- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Балаларға берілетін тәттіге...
Балаларға берілетін тәттіге улы зат қосылатыны рас па?
Қазнет қолданушылары балаларға берілетін тәттілерге өте улы зат - азот диоксиді қосылады деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
StopFake.kz мәліметінше, мұның бәрі - жалған. Азот диоксиді - иісі өткір қоңыр газ немесе сарғыш-қоңыр сұйықтық. Бұл зат күшті тотықтырғыш саналады.
Өнімнің кейбір түрін буып-түю үшін азотты қолдануға болады. Бұл азот диоксиді емес.
"Біз тыныс алатын ауа 78 пайыз азоттан және тек 21 пайыз оттектен тұрады. Бұл азоттың қауіпсіз екенін дәлелдейді. Тамақ өнеркәсібінде азот E941 тағамдық қоспасы ретінде белгіленеді. Ол өнімдердің бүлінуіне жол бермейді және олардың балғындығы мен түрін сақтауға мүмкіндік береді. Демек, балалар тәттілеріне улы азот диоксидін қосады деген ақпарат - фейк", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш