Әлеуметтік желіде балаларға аяғын уқалатқан имам қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған. Бұл жағдайдың видеосы әлеуметтік желілерде тарап, қоғам арасында дау туғызды.
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман жамағатын құлшылық үйлерінде дауыс көтеріп сөйлемеуге, әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге, ұрыс-керіс жасамауға шақырады. Жамағатты барынша мешіт әдебін сақтауға үндейміз", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін "төрт әйелі, аспазы бар Астананың бас имамының үйі" деген ақпаратты таратқан адам жазаланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!