Мәжіліс депутат Дәулет Мұқаев депутаттарға корпоратив кешін ұйымдастыруға тыйым салынғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Депутат алдымен оқырмандарын мерекемен құттықтап, кейін құпияны бөлісті.
"Жыл аяқталып келеді. Әрбір отбасыда қуаныш, шаттық, береке болсын! Қайғы көрмеңіздер. Осы ретте сіздерге бір шағын құпияны айтайын, депутаттардың арасында арнайы корпоративтік кеш өтпейді. Оған тыйым салынған. Балаларға арналған тас кәмпит те жоқ", - деді ол.
Алайда оларға түрлі компаниялардың корпоратив кешіне баруға тыйым салынбаған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз