- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Балаларға арналған жаңа...
Балаларға арналған жаңа бағдарлама аясында үй сатып алуға бола ма? Министр жауабы
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров балаларға арналған жаңа бағдарлама аясында жылжымайтын мүлік сатып алуға бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, бұл ақшаға ауылдан үй алып, қаладағы ипотеканың алғашқы жарнасын төлеуге болады.
"Жалпы, республикада тұрғын үй сатып алу бағасы әртүрлі, баға өңірге байланысты. Ауылдағы баға мен қаладағы бағаны салыстыруға келмейді. Ауылдан 1,5-2 миллионға үй табылса сатып алуға болады, ал қаладағылар ипотеканың алғашқы жарнасын төлей алады деп ойлаймын", - деп түсіндірді Әлібек Қуантыров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова