Балалардың шотына ақша қалай және қашан түсетіні айтылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай "Ұлттық қор - балаларға" атты бағдарламаға қатысты қосымша сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл норма күшіне енген кезде (2024 жылы) 18 жасқа толмаған барлық баланың атына арнаулы шот ашылады.

"Олар кәмелеттік жасқа толғанша қаржы түсіп тұрады. Шоттардағы қаражат шетел валютасында болатынын атап өткен жөн. Сонымен қатар, жинақ бойынша пайыздар есептеледі. Бұл шаралар шоттағы қаржыны инфляция қорғауға мүмкіндік береді", - деді Руслан Желдібай.

Оның сөзінше, бұл тек енді туатын балаларға емес, барлық балаға қатысты. Тек 2024 жылдан бастап іске қосылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!