- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Балалардың психикалық саулығын...
Балалардың психикалық саулығын бұзатын өнімдер аталды
Ультра өңделген тағамдар (чипстер, газдалған сусын, фастфуд, шоколад) семіздік, депрессия және мазасыздықтың даму қаупін арттырып, балалардың психикалық саулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жайлы "Daily Mail"-ге дәрігер және дұрыс тамақтану маманы Майкл Мосли айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ультра өңделген өнімдер - эмульгаторлар, қоюландырғыштар және жасанды хош иістендіргіштер қосылған қоспалардан барынша тазартылған ингредиенттерден жасалған зауыттарда немесе фаст-фуд орындарында өндірілген тағам. Әдетте мұндай тағамдарда көмірсулар, қант және майлар көп болады.
Майкл Мосли мұндай тағамды көп жеу ішек микробиомасында жағымсыз өзгерістердің пайда болуына әкелуі мүмкін екенін айтты. Бұл ағзаны мекендейтін және оның қалыпты жұмыс істеуін (ас қорыту, иммундық жүйені сақтау, тағамнан қажетті дәрумендерді алу) қамтамасыз ететін барлық микробтардың жиынтығы.
Кейбір зерттеулер ультра өңделген тағамдардың компоненттері және олардың құрамындағы жасұнықтың (пайдалы өсімдік талшықтарының) жетіспеушілігі ағзадағы қабыну процесінің басталуына әкелуі мүмкін екенін көрсетті. Төмен қарқынды созылмалы қабыну мен депрессия (сонымен қатар мазасыздық) арасында байланыс бар.
Сондай-ақ, фаст-фудты, кондитерлік өнімдерді, чипстерді және шоколадты көп жеудің салдарынан пайда болған ішек микробиомасындағы жағымсыз өзгерістер денеде табиғи антидепрессанттар, соның ішінде серотонин өндірісінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл фактор да психикалық бұзылыстар патогенезінде маңызды рөл атқарады.
Майкл Мосли ультра өңделген тағамдардың теріс әсеріне көбіне балалар мен жасөспірімдер душар екенін ескертті. Себебі мұндай тағамнан бас тарту үшін және оған пайда болатын тәуелділіктің алдын алу үшін жас ағзаның атқарушы функциясы мен өзін-өзі бақылауы жеткілікті дамымаған. Оған қоса, балалық және жасөспірім кезіндегі ішек микробиомасы сезімтал келеді.
Оқи отырыңыз: "Сөйлемейтін баланы маманға көрсету үшін 3 жасқа дейін күтудің қажеті жоқ". Логопед маңызды сұрақтарға жауап берді
А. Жапатова