- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Балалардың көзінше шалбарын...
Балалардың көзінше шалбарын шешкен: Павлодарда ер адам қамауға алынды
Павлодарда ер адам қоғамдық орында әдепсіз әрекет жасағаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарлық "zhaloby_pavlodar" Telegram-арнасында ер адамның әдепсіз әрекеті көрінетін видео жарияланған. Осылайша, полицейлер ауыл тұрғынын ұстаған. Кейін Кенжекөл ауылының 34 жастағы тұрғынынан көршісіне шара қолдану туралы арыз түскен.
"24 тамызда учаскелік полиция пунктіне көршісіне шағымданған әйел жүгінді. Оның айтуынша, балалары көшеден жүгіріп кіріп, қарама-қарсы үйде тұратын көршісі өздеріне ұрысқанын және шалбарын шешкенін жеткізген. Ауыл тұрғыны көшеге шығып, мас ер адамға ескерту жасаған. Ол ескертуді елемей, өз дегенінде тұру үшін шалбарын шешкен", - деді Павлодар қаласы Оңтүстік полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Серғазинов.
Ведомство мәліметінше, 57 жастағы ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалған. Ол материал сотта қаралғанға дейін уақытша ұстау камерасына қамалған. Ал 25 тамызда сот қаулысымен ер адам жеті тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова