Балалардың арнайы есепшотына ақша жылына қанша рет түседі?

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қордан балалардың арнайы есепшотында ақша қалай салынатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, ақша балалардың шотына жылына бір рет салынып, доллармен сақталады. 

"Жыл сайын салынып тұрады. Өткен жылғы инвестициялық кіріс алынады және шоттар бойынша бөлінеді. Яғни 2024 жылы 1 қаңтарда балалардың шотына 2023 жылғы кірістен ақша салынады", - дейді Қуантыров.   

Оның сөзінше, инфляциядан қорғау үшін қаражат доллармен сақталады.

Жаңа бағдарлама: балалардың арнайы есепшотына ақша қашан түсе бастайды?

Сондай-ақ, министр Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың үш мың доллар туралы айтқан сөзіне түсініктеме беріп, әр балаға арналған соманы нақтылады.

"Үш мың доллар - болжам бойынша айтылған сома. Менің түсінгенім бойынша, сіз Президенттің баспасөз хатшысы атаған соманы айтып отырсыз. Бүгінде ол қосымша есептеліп жатыр және ол балаларға арналған бағдарлама екенін ескеру керек. Жүйе 2024 жылдан бастап іске қосылады және бала жүйеде тек екі жыл ғана есептелуі мүмкін (мысалы 2024 жылы бала 16 не 17 жаста болуы мүмкін-еск.). Сәйкесінше олардың есебінде ақша азырақ болады", - деп түсіндірді Ұлттық экономика министрі.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!